Әнші Ақбота Сейтмағамбет желіге өзінің сүйіктісімен түскен суреттерін салды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Instagram желісінде Ақботаның атынан ашылған парақшада оның белгісіз жігітпен түскен суреттері пайда болды.

sur

Ал суреттің астында «Енді жасырудың қажеті жоқ», – деп жазылған.

Сонымен қатар, парақшада Ақботаның атынан мынадай жазба жазылған:

ak

“Менің парақшамды белгісіз біреулер бұзып, менің атымнан түрлі қауесет, өтірік ақпарат таратқан екен. Осы бірнеше күн парақшамды қайтарумен болдым. Менің тұрмысқа шығайын деп жатқаным рас! Бірақ менің болашақ жарым Дәурен емес, мен Дәуренді ағам ретінде сыйлаймын, құрметтеймін жəне ол өте талантты актер. Болашақ күйеуіммен “Гламур для дур” филмін түсіру кезінде табысқаным да шын. Ол кім екенін əзірге айта алмаймын. КешYOU-дан жақында кетемін, өкінішке орай… Өзімнің шағын бизнесіммен айналыспақпын. Бəрі жақсы. Сіздердің Ақботаларыңыз”.

Айта кетейік, әзірге бұл парақшаның әнші Ақбота Сейтмағанбетке тиесілі ме, жоқ па, белгісіз.

Пікір қосу