“Кешью” тобының мүшесі Ақбота Сейітмағамбет сүйіктісінің өнерге ешқандай да қатысы жоқ екенін айтты,- деп хабарлайды juldyz.kz. 

Бұл туралы әнші: «Ол жайында қазір ашып айта алмаймын. Сәл шыдасаңыздар, бір-екі айдан кейін оның кім екенін айтып, суретін әлеуметтік желіде жариялайтын боламын. Бір айтарым, ол кісінің өнерге қатысы жоқ», – деп Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққалы жүр деген өсек-аяңға нүкте қойды.

Сонымен бірге, ол өзін біреудің отбасын бұзбағанын және Дәурен Айдарқұловпен арасын өнерден басқа ешнәрсе байланыстырмайтынын айтты.

 

Толығырақ «Жұлдыздар отбасы» журналының

2017 жылғы №1 санынан оқи аласыздар.

Пікір қосу