Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы KASE қор биржасының таңғы сессиясында 334,68 теңгеге дейін нығайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, кеше, 7 желтоқсанда ұлттық валюта долларына 336,23 теңге көрсеткішінде болатын.
Сауданың бірінші келісімі 334,9 теңгемен өтті. Максималдық құны 335,3 тең болып тіркелді. Минималдық құны 334,2 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 37 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, доллар айырбас пункттерінде 334,9-336,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.