Қазақстандық спорт жұлдыздары жаңажылдық комедияның түсірілімдеріне қатысып жатыр, — деп хабарлайды Vesti.kz. Фильм 31 желтоқсанда көрсетіледі.
«Бұл Жаңа жылға арналған жоба, — дейді Василий Левит. — Менің білуімше, фильм 31 желтоқсанда көрсетілетін болады. Менің қандай рөлде ойнайтынымды сұрап жатсыздар ма? Мен өзімді ойнаймын. Бірақ онда менің басымнан қандай оқиғалар өтетінін Жаңа жылда білетін боласыздар (күледі). Жобаның мақсаттарының бірі — арманның орындалатынына сену. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе: өте ұнады, қызық болды. Тіпті кадрда да ән айттым, егер де оны ән айту деп санауға болатын болса. Менің ән айтатын өнерім жоқ. Қысқасы, өздеріңіз барлығын көресіздер», — деді Василий Левит.
Айта кетсек, түсірілім жұмыстары бір апта бұрын Алматыда басталған. Еліміздің чемпиондары қазақстандық көрермендерді үйреншікті емес рөлдерімен таңғалдырмақшы. Барлығына танымал хиттер олардың орындауында мүлде басқаша орындалады. Фильмге боксшылар Василий Левит пен Данияр Елеусінов, дзюдошы Елдос Сметов, жүзуші Дмитрий Баландин, балуан Гүзел Манюрова, ауыратлеттер Жазира Жаппарқұл мен Нижат Рахимов түседі.