Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков еліміздің жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астанада өткен Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясында бұл туралы хабарланды.
Конференцияға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ федерация президиумының мүшелері, аймақтық филиалдар жетекшілері, құрама жаттықтырушылары, Ұлттық Олимпиялық комитет өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Әділбек Рыскелдіұлы 2007 жылғы тамыздан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Футбол федерациясын басқарды. Ол сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің жазғы спорт түрлері бойынша вице-президенті.