Қазақстандық модель Баян Бокишева Гонконгте өткен Dolce&Gabbana жабық көрсетіліміне қатысты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Алғашқыда, Dolce&Gabbana кастингінен өту мүмкін емес сияқты көрінді, себебі модельдерді таңдау үшін олардың кастинг-директоры Миланнан ұшып келіп, Бейжің, Шанхай, Гуанджоу мен Гонконг қалаларынан іріктелді. Бірақ, армандар орындалатынына көзім жетті! Осындай құрметке ие болғаныма шексіз қуаныштымын. Әсіресе, олардың көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы болғаныма өте ризамын», — деп жазды ол Instagram парақшасына.
Айта кетейік, бұл Dolce&Gabbana компаниясының Alta Moda коллекциясын шығысқа алғаш алып келуі екен. Келесі көрсетілім Гонконгта өтеді.