Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан болатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейбіт Шүменовтің кезекті жекпе-жегі Майамиде 2017 жылдың 11 ақпанына белгіленді. Оның қарсыласы — кубалық боксшы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).
Осы кездесуге қатысты сауда Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) штаб-пәтерінде қараша айында өтті. Мұны Дортикостың атын қорғаған Caribbean Promotions компаниясы жеңіп алды. Бұның алдында Шүменов ресейлік боксшы, WBA (Super) чемпионы Денис Лебедевті (29-2, 22 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда ресейлік боксшы бұған құлақ аспағандықтан, қазақстандық боксшы Дортикоспен кездесу ұйымдастыруға құлықты екенін жеткізген.
Айта кетейік, Лебедев 3 желтоқсан күні, ресейлік Мұрат Гассиевпен өткізген жұдырықтасуда жеңіліс тауып, IBF титулынан айырылды.