КешYOU тобының құрамы тағы өзгеретін болды. Бұл туралы топ мүшесі Ақбота Сейітмағамбет айтты.
КешYOU-дің продюсері Баян Есентаева сан мәрте өзгерген топтың соңғы жаңа құрамын 2015 жылдың ақпан айында таныстырған болатын.
Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» атты жаңа фильміне түскен Ақбота Сейітмағамбет «Гакку» арнасына сұхбат беру барысында КешYOUдің құрамынан шығуды жоспарлайтындығын айтты.
«Барлық қыздар КешYOU тобының мүшесі болғысы келеді. Мен де кеткім келмейді. Бірақ отбасылық жағдайыма байланысты кетуге мәжбүрмін», — деді ол.
А.Сейітмағамбет Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласыны тумасы.
19 жастағы Ақбота арманы ана атану екендігін айтып өтті. «Алла қаласа, мен де ана боламын. Әйел бақытына жетуге тілекшілерім көп. Мен аяулы жар атануым керек», — дейді әнші.
Айта кетейік, қазір КешYOU тобының құрамында Сыр елінің тумасы 20 жастағы Балжан Бидаш пен Алматы облысы Ұзынағаш қаласында дүниеге келген 20 жастағы Жұлдыз Өмірғали бар.