Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізген боксшы Әли Ахметов келесі айқасын өткізуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әли Ахметов спорттық мансабындағы бесінші жекпе-жегін 9 желтоқсан күні, Польша жерінде өткізеді. Қарсыласы — латвиялық 20 жастағы Эдуардс Герасимовс. Герасимовс осыған дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, 6-да ғана жеңіске жеткен. 10 жекпе-жегінде жеңіліп, 1 кездесуін тең аяқтаған.
Айта кетейік, жерлесіміз Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген болатын. Онда Ахметов әзербайжандық Маммедовті бірінші раундта жарыс жолынан шығарған болатын.