Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы 77 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы ғалым қызмет атқарған Қазақстан ғылым академиясының тарих және этнология институтының ұжымы хабарлады.

Ғалым Моңғолияда дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетін, Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1975 – 1987 жылдары Моңғолия кәсіподағы орталық комитетінің хатшысы, 1990 –1992 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және Моңғолия парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Моңғолиядағы қазақтардың өмірі туралы бірнеше еңбек жазған. Ғалымды соңғы сапарға шығарып салу 24 қарашада Алматыда өтеді.

Пікір қосу