Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипатындағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасындағы үздіктердің бірі болып саналатын Bloomberg News ақпарат агенттігі өкілдерімен кездесті.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.