Қазақстандық футболшы Самат Смақов Ақтөбе қаласынан жеке медициналық клиника ашты. Бұл туралы Экспресс К басылымы жазады.
“Бұл медициналық орталық қыркүйек айында жұмысын бастады. Мұны өзімнің досым, Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Ақтөбе” клубының бас дәрігері болып істейтін Алексей Левинмен бірігіп аштым. Мен Алексей Левинді еліміздегі нағыз спорттық дәрігер деп есептеймін. Бастапқыда тек спортшылардың жарақаттан айығуына көмектесеміз деп ойладық, Бірақ, қазір біздің клиникаға әртүрлі аурумен қарапайым азаматтар да келе алатын болды. Болашақта Ақтөбеде футбол орталығын да ашып қалуым мүмкін”, – дейді футболшы.
Айта кетейік, былтыр Ақтөбедегі жалғыз спорттық диспансер жабылып қалған. Футболшының жеке клиникасы соның орнын толтырмақ.