Роза Қуанышқызы Рымбаева – Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрада әншісі, профессор, актриса. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.

Туған жылы: 28 қазан, 1957 жылы

Туған жері: Шығыс Қазақстан обылысы, Жаңғызтөбе станциясы

Білімі:

  1. 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищесі;
  2. 1984 жылы Алматыдағы театралдық-көркем өнер институты, музыкалық драмалық комедиясы факультеті.

Отбасы: Жолдасы — Тасқын Оқапов (1948-1999), ұлдары — Әли Оқапов, Мәди Рымбаев

Еңбек жолы:

  • 1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі;
  • 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы — «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі;

Марапаттары:

  • 1986 ж. Қазақстанның халық әртісі;
  • Халықаралық конкурстардың лауреаты;
  • Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері;
  • 1984 ж. Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі.
  • 1981 ж. Лениндік комсомол премиясы — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін
  • 1991 ж. Халықтар Достығы ордені
  • 2000 ж. «Парасат» ордені
  • 2000 ж. Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі;
  • 2002 ж. Орден Почёта (Ресей)
  • 2002 — Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
  • 2002 — Тарлан
  • 2004 ж. «Құрмет» ордені
  • 2004 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы
  • 2004 ж. «Звезда созидания» ордені
  • 2005 ж.  Мәскеудегі жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы.
  • 2008 ж. «Астанаға 10 жыл» медалі
  • 2008 ж. Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясыдағы жеке жұлдызы
  • 2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
  • 2011 ж. Шығыс Қазақстан обылысының Құрметті азаматы

Дискографиясы

  • 1985 — LP «Роза Рымбаева және «Арай» ансамблі , фирма «Мелодия».
  • 2003 — LP «Ademi-au» (Таңдаулы әндер)
  • 2006 — CD «Cенімен біргемін» (14 қазақша ән)
  • 2007 — DVD «30 жыл сахнада» (3 DVD диск  — үш концерт (Мәскеу, СПб, Алматы) и дер. фильм «Роза» және бір CD «Ертеңіме сенемін») [1]
  • 2008 — МР3-жинақ «Любовь настала» («Имена на все времена» сериясында, Ресей)
  • 2009 — МР3-жинақ «Роза Рымбаева» («Золотая коллекция ретро» сериясында, Ресей)
  • 2009 — CD «Вечная весна» (қазақ және кеңестік композиторлар әндері).
  • 2010 — CD «Жерiм жаннатым» (Еркін Ынтықбаев әндері).

Фильмографиясы

  • 1976 ж. телевизиялық фильм «Первая песня», студия «Қазақтелефильм»
  • 1982 ж. «До свидания, Медео»\»Revue na zakázku»[1] совет-чехословак фильмінде басты рөл
  • 1999 ж. фильм «Женский взгляд». Роза Рымбаева», реж.Оксана Пушкина (Ресей).
  • 2001 ж. фильм «Роза», реж. Ж. Сабирова.
  • 2002 ж. фильм «Хвост кометы». Роза Рымбаева», реж. А. Бурыкин (Ресей).
  • 2010 ж. фильм «И снова здравствуйте!», (Ресей).

Пікір қосу