Қазақстандық армрестлер Дмитрий Трубин Әлем кубогының жартылай финалында әлемнің абсолют чемпионы, украиналық Андрей Пушкарьды жеңді. Сөйтіп, турнир жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыластар Польшадағы «Алтын турда» 105 келіден жоғары салмақ дәрежесінде кездесті. Спортшылар бірнеше мәрте қол тайып кетіп, қайта бастауға мәжбүр болды. Басылымның мәліметінше, Дмитрий Пушькармен жекпе-жекке жарақатымен шыққан. Өйткені, қазақстандық спортшы турнирдің бірінші күні жараланыпты.

Естеріңізде болса, қарсыластар осыған дейін екі рет кездескен болатын.

Пікір қосу