Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Дәулет Еділұлы Ерғожин тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды»,-делінген хабарламада.
Дәулет Ерғожин 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, (АҚШ) Suffolk University және экономика және құқық университетін бітірген. Еңбек жолын «ҚазТрансОйл» ҰК» АҚ клиринг департаментінің маманы болып бастаған. Әр жылдары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі кеңесшісі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы, ҚР қаржы вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.