«Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшылары қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлайды.  

«Астана қаласы бойынша №2 Алматы аудандық сотының шешімімен «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақыпов А., Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы Айтымбетов Б., бұрынғы және қазіргі басқарушы директорлар Анарбай Г. мен Сариев Г., «Project City Group» ЖШС басшылығы Смағұлов К., Есмұханов Б., Жұманазар Е. мен Комаров А. есімді тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп жазылған хабарламада.

Бүгінде, тергеу мәліметінше, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ лауазымды тұлғаларының құрылыс компанияларынан пара ретінде 288 миллион теңге алған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Пікір қосу