Биыл Қазақстан кубогын жеңіп алған елордалық «Астана» үздік ойыншыларын марапаттады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz.
Жанкүйерлер мен футболшылар қатысқан мерекелік шарада Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен Ресей әншілері өнер көрсетіп, әр номинация бойынша үздіктер анықталды.
Көрермен көзайымы атағын ганалық Патрик Твумаси иеленді.
Клубқа адалдығы үшін Таңат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко марапатталды.
Ең үздік жаңа ойыншы – Юрий Логвиненко болып танылды.
Агим Ибраимидің Селтик қақпасына соққан голы әң әдемі гол деп есептелді.
Марин Аничичтің «Жальгирис» қақпасына соңғы минутта соққан голы жылдың ең жарқын сәті болды.
Маусымның үздік ойыншысы — қақпашы Ненад Эрич.
Марапаттау рәсіміне «Астана» сапында жарты маусым өткізген Евгений Постников пен Алексей Щеткин қатысты. Сондай-ақ, келесі маусымда «Астана» сапына қосылатын шабуылшы Роман Мұртазаев та осы шараға қатысты.
Айта кетейік, «Астана» үшін әлі маусым аяқталмады. Оларды алда Еуропа Лигасы күтіп тұр. Алдағы бейсенбіде Астана-Аренада Кипрдің «Апоэлін» қабылдайды.