Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен Праганың «Рудольфинум» залында Еуразиялық симфониялық оркестрдің гала-концерті өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұл туралы thenews.kz хабарлайды.

Концертте қазақстандық сазгерлермен қатар әлемдік классиктердің туындылары орындалды. Еуразиялық симфониялық оркестрмен бірге чех баритоны Филипп Банджак та сахнаға шықты.

«Біз Мәскеу консерваториясында концерт қойып, «Янг Еуро Классикс» фестиваліне де қатыстық. Әрине, ел Тәуелсіздігінің қарсаңында әлемнің ең танымал сахналарында өнер көрсету — біз үшін үлкен мақтаныш», — дейді Айман Мұсақожаева. 

Енді ұжым Еуропаның мәдени астанасы Венаға аттанбақ. Одан кейін Лондонның талғамы биік қауымы да әйгілі әртістеріміздің өнерін тамашалайды.

 

Пікір қосу