Қазақстандық Мырза Еркінбеков панкратионнан әлем чемпионаты өтіп жатқан Италияның Эболи қаласында бес медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мырза Еркінбеков төрт күн ішінде 15 кездесу өткізіп, рекордтық нәтиже көрсетті.
«Алдымен 71 келі салмақта күрескім келді. Бірақ, денсаулығыма байланысты 78 келіде белдесуге тура келді. Салмақ өлшеу рәсімінде 74 келі ғана шықтым. Жарыстың алғашқы күні қолымды жарақаттап алдым. Дәрігерлер жақсы жұмыс атқарды. Алтын медальді жеңіп алуды қатты армандадым, турнирдің соңғы күні сол арманыма жеттім. Маған сенім білдірген баршаға алғысым шексіз»,-деді Мырза Еркінбеков.
Айта кетейік, тағы екі медальға отандастарымыз қатарынан Шыңғыс Қыдырманов қол жеткізді.