Қазақ шорт-трек тарихындағы алғашқы жүлдені қазақ баласы алды, деп хабарлайды dodasport.kz.

Шорт-трек спортынан Американың Солт Лэйк Сити қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Бұл сында 500 метр қашықтықта отандасымыз Абзал Әжіғалиев чемпион атанды.

Финалда қос Канадалық және бір Қытай спортшысы Абзалмен бәсекелес болды. Бірінші секундтардан-ақ қарқынын күшейткен Абзал қарсыластарынан алға ұзап, сол беті мәреге бірінші болып келді. Қытай спортшысы екінші орын алса, қос Канадалық қоланы сарапқа салды.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлем кубогының екінші кезеңінде Абзал финалда  сүрініп, құлап қалған болатын. Бірақ, екі кезеңде де ақтық сынға жетіп, өзінің осы қашықтықта мықты екенін дәлелдеп үлгерді.

Пікір қосу