20 жастағы Назым Кұмарова Miss World Beauty-2016 тәжін жеңіп алып, фестивальдің бас жүлдесіне ие болды. Жеңіс тәжін Назымға Пьер Карденның мұрагері әрі жиені, байқауда қазылар алқасының төрағасы болған — Родриго Базиликати тақты , деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 күннің қорытындысы бойынша бас жүлде Семейден келген студент қызға бұйырды. Қазір Назым қайта оқуына оралды. Ол болашақ физик-зертеуші екен. Алайда бұл жеңістен кейін оның жоспарлары өзгерді.
«Мен осыған дейін мұндай байқауларға қатысқан емеспін. Әрине, жеңіске жетемін деп ойламадым да. Мен жаңа асуларды асып, өзімнің мүмкіндіктерімді тексергенді ұнатамын. Бұл байқау өзімді жаңа салада тануға мүмкіндік берді. Енді мен өзімді осы салада көргім келеді. Ал оқуымды бірге алып жүремін», — дейді Назым.
Сонымен қатар, Назым Семейдегі «Гүл-Сымбат» сән театрының моделі екен. Ол жеңіс тәжімен қоса, Мәскеуде 2017 жылдың наурыз айында өтетін сән апталығына және жазда Парижде өтетін сән фестиваліне қатысуға сертификат алды.
Айта кетейік, World Beauty Astana 2016 Гранд-финал байқауының аясында Назымда Пьер Карденның жаңа топтамасын көруге мүмкіндік тудыАйта кетейік, Swarovski тастарымен безендірілген тәж 1,5 келіге тартады. World Beauty байқауы тарихта алғаш рет Қазақстанда өткен. Астанаға әлемнің 20 елінен жиналған 120 қатысушы келген.