Жапонияның астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Арыстанбек Жақанша 69 келі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Арыстанбек Жақанша 1999 жылы дүниеге келген. Қызылорда жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі. Ол зілтемірге дейін 5 жыл дзюдо спортымен айналысқан.  Чемпионның жаттықтырушылары Арман Абдраев пен Нұржан Смаханов, деп хабарлайды Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Айта кетсек, Токио төріндегі дүбірлі дода кезінде Арыстанбек жұлқа көтеруде 128, серпе көтеруде 156 келі көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 284 келіге қол жеткізіп чемпион атанды. Қазіргі уақытта қазақ елінен жарысқа 7 зілтемірші қатысып жатыр.

Пікір қосу