Танымал әнші Карина Абдуллина өзінің басынан өткен қиын кезеңдерін есіне алып, күйеуінің көрсеткен қорлықтары туралы «КТК» арнасының «Моя правда» бағдарламасында айтып берді.

«Өзімнің отбасым жоқ. Анам кішкене кезімде қайтыс болған. Биыл қадірлі әкем өмірден озды. Сондықтан кішкентайымнан берік отбасым болса екен деп армандадым. Бірақ менің бұл арманым орындалмады. 2015 жылы, жаңа жыл мерекесінде мен жарым Артеммен бірге енемнің үйіне бардым. Ол кезде аяғым ауыр болды. Сол жаңалықты айтуға асықтым. Бірақ енем: «Қандай бала туралы айтып отырсың?», — деп айтып салды.

«Өмірде мұндай адамдардың болатынын білмеппін. Қанша тәрбиелі болып жүріп, мұндай адамдармен қалай тағдыр жолықтырғанын түсінбедім. Бұл тұста күйеуім Артем мені қолдаудың орнына анасының бетінен сүйіп, үйден шығып бара жатқан мені жұбатуға асықпады», — деп көзіне жас алды Карина.

3-142

Осылайша, анасы мен ағасының сөздеріне еріп, туған баласын мойындамай қойған ірі отандық мұнай компаниясының директоры болған жары Артем Каринаны тіпті таяқтың астына да алған екен. Бірақ, бұл тұста өнердегі әріптесі Болат Сыздықовтың көмегі Каринаны барлық жамандықтардан құтқарып қалғандай. Ол перзентханада Каринаның жанында болған. Ал әнші баласын Болаттың атына, яғни Альберт Болатұлы Абдуллин деп құжатына жаздырыпты.

Болаттың қиын кезеңдерде өзіне жасаған жақсылықтарын еске алған Карина: «Болат өмірден өткенде асқар тауым құлағандай болдым. Ол менің тірегім еді. Мені өмір бойы қорғап, қолдап келді. Ол қайтыс болғанда менің ұлыма тіпті тау бөктеріндегі үйін де жаздырып кетіпті ғой. Неге екенін білесіз бе? Себебі, Альберттің көздері Каринадан айнымайды деген», — деп жылап жіберді.

Бүгінде Карина Абдуллина ұлы Альбертті жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жанында демеу болар әке-шешесі,я болмаса жақын адамы да жоқ. «Болаттың өмірден өтуі мен үшін ауыр соққы, орны толмас қайғы болды», — деген әнші ендігі өмірінің мәні тек жалғыз ұлы дейді.

Пікір қосу