Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан қазан айының Премьер-Лигадағы үздік футболшысы атанды, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстан чемпионатына қатысушылар ішінен үздік футболшылардың үшеуі таңдалды Бірінші орын үшін футболшы үш ұпай, екінші орын — екі, үшінші орын — бір ұпай берілді.
Қорытынды бойынша, қазан айында 23 жастағы жартылай қорғаушы, «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан үздік атанды. Қазандағы төрт матчта Исламхан екі гол соғып, екі рет голға доп шығарды. Исламхан алтыншы рет Қазақстанда айдың үздік ойыншысы деп танылуда.
Екінші орында 35 жастағы «Қайраттың» ресейлік шабуылдаушысы Андрей Аршавин. Ол 14 ұпай жинады. «Қайраттың» екі ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев пен Исламбек Қуат үшінші орынды бөлісті. Олар 7 ұпайдан жинады.