«ӨМІР ДЕГЕН -осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді»

«Панам да — ел, данам да — ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім»

 

Дінмұхамед Қонаев —  аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері,  Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 

Туған жері: Алматы қаласы

Туған жылы: 12.01.1912

Дүние салған жылы: 22.08.1993

9a0dd9d5245d2fe4b5ee829691a49ff9

Отбасы: жұбайы Зухра Шәріпқызы

Білімі:  Мәскеудегі Түсті металл институты

Еңбек жолы: 

  • 1937-1939 Балқаш мыс қорыту комбинаты Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры
  • 1939 “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары,  Лениногор кен басқармасының директоры
  • 1939 КОКП мүшелігіне қабылданды.
  • 1942-1952 Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары
  • 1955-1960  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
  • 1960-1986 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
  • 1987 жылы маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Марапаттары:

Үш мәрте Социалистік Еңбек ері (1972, 1976,1982)

8 Ленин ордені

Еңбек Қызыл Ту ордені

Мақалалары мен кітаптары:

«Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (1978)

«О моём времени» (1992)

«От Сталина до Горбачёва» (1994)

«Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994)

Есімі берілген жерлер:

Алматы қаласында — ескерткіш–мүсін;

Астана және Алматы қалаларында — көшелер;

Үлкен Алматы каналы;

Орал қаласында — шағын аудан;

Тараз қаласында — орталық көше және бюст;

Талдықорғанда — көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны;

Шымкент қаласында — орталық гүлзәр және мұражай;

Алматы қаласында — жекеменшік университет;

Ташкент қаласында — орталық көше;

1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.

1994 жылы Алматы қаласында мұражайы ашылды.

Қызықты ақпарат:

Бойы: 198 см, 46 өлшемді аяқ киім киген.

Хоббиі: қару-жарақ жинау және аңшылық.

7710ceea95619340a755752fedccb299

Жеке күзетшісі болмаған.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген.

 

 

Пікір қосу