21 ҚАЗАН
Жұма, 18:30
- Авторы: Н.Келімбетов
- Жанр: Драма
- Ұзақтығы: 2 сағат
- Зал: Үлкен зал
Оқиғасы аурухана палатасында өтетін драманың бас кейіпкері, бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. Оның жақын достарымен өзара пікірталас-ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет- жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп… Драмада адамгершілік, имандылық мәселелері көтеріледі.
- Қоюшы режиссерлер – Есмұхан Обаев, ҚР халық артисі, Төлеубек Аралбай, ҚР еңбек сіңірген артисі
- Қоюшы суретші – Есенкелді Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Музыкамен көркемдеуші – Е.Қуантқанов
- Режиссердің көмекшісі – А.Кабдешова