Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Монреальда мәнерлеп сырғанаудан өткен Autumn Classik International Skate Canada халықаралық турнирінде қола жүлде жеңіп алды.

Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаев өзінің Facebook парақшасында қызының қола медальға ие болғанын хабарлады.

Бірінші орында — 2008 жылғы АҚШ чемпионы, төрт құрлық чемпионатының күміс және қола жүлдегері Мираи Нагасу. Екінші орында — 2016 жылғы Канада чемпионы 20 жастағы Ален Шартран.

20151030120542«Autumn Classik International Skate Canada Челленджер сериясының беделді халықаралық турниріне әлемнің 13 елінен 18 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан. Сарапшылардың айтуынша, алты спортшы ең жоғары нәтижелер көрсеткен: Мираи Нагасу (АҚШ), На Хен Ким (Корея), Рика Хонго (Жапония) , Марико Кихара (Жапония), Ален Шартран (Канада) және біздің Элизабет (Қазақстан)», — деп хабарлады спортшының әкесі.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір қосу