Қазақстандық жас әнші Данелия Тулешова ресейлік әнші Полина Гагаринаның жеке шақыртуымен «Singer 2019» байқауының финалында өнер көрсетеді. Бұл туралы Zakon.kz жазды 

 «Шақырту Полинадан 1 сәуір күні келіп түсті. Біздер мұны әлде біреудің әзілі шығар деп ойладық. Артынан барлығы түсінікті болған соң, мұның барлығы шын екеніне сене алмады. Әзірге қандай ән орындайтынымды айта алмаймын, бірақ мен Полинаны ұятқа қалдырмас үшін және оны қолдап отырған жандар үшін барымды салып дайындаламын, — деп қуанышымен бөлісті Данэлия.»

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін  Данэлия Тулешова америкалық CBC телеарнасының «The World’s Best» жобасына қатысып, финалға дейін жеткен.

Пікір қосу