Жақында Алматы облысында Атом электр станциясы салынады дегенді естіген көптеген қоғам белсенділері өздерінің бұған қарсылығын білдірді. Солардың ішінде журналист Сергей Дуванов та бар. 

  •  «Жасыл энергия деп жар салып, ЭКСПО-ға қырғын қаражат жұмсап не керегі бар еді? Біздің билік Алматы облысында АЭС салу туралы шешім қабылдауымен өзінің ысырапшылдығын дәлелдеді. Кеше ғана елімізде электр энергиясының көп екендігін айтып жүр еді, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарынан кейін билік пен Ресейдің мүддесін көздегендер бірден өзгеріп, «бізге ұлттық энергиялық тәуелсіздік керек» деп жатыр. «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. «Биліктің жеке басқа табынушылары бұл мәселенің жеке саяси астары бар деседі.  Ақорданың бұл келісуін топшылауға болады. Оның бір нұсқасы- алдағы сайлауда Дариға Назарбаеваға билікті өткізіп берудің кепілі. Десе де басқа нұсқалар да болуы мүмкін. Ал Кремль АЭС-ті Қазақстан экономикасын Ресей технологиясына тәуелді ету үшін пайдаланады. Осы арқылы Путин Қазақстан саясатына ықпал ететін қосымша тетік табады және неоимпериялық саясатқа Қазақстанды тарта түседі.

АЭС құрылысын қоғам қалай қабылдайтыны өз алдына бөлек әңгіме. Қазақстан билігі мен ресейшіл топ бұл жобаны қолдайтынын сеніммен айтуға болады. АЭС-тің салынуына Чернобыль мен Фукусимадағы қауіптің қайталануынан қорқатындар мен Ресейдің Қазақстандағы ықпалы күшейіп кетуінен сақтанатын ұлтжанды патриоттар қарсы болады. Бұл тартыс қоғамды бөлшектеп, текетіреске апарып соғуы мүмкін.»,- деп жазды өзінің парақшасында.

Пікір қосу