Денсаулық сақтау министрлігі заңға бірнеше  өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлады Zakon.kz«Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Заң жобасына енетін өзгерістер қатарында соңғы жылдары елді дүрліктірген «екпе» мәселесі де бар. Бүгінде балаға 18 жасқа дейін 13-ке жуық екпе салынады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі міндетті деп тапқан вакцинаны балаға салғызбаған ата-анаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.

Сәдуақас Байғабулов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

Ата-ана баласына екпе салғызудан бас тарту арқылы өзінің ғана емес өзгенің баласына да қауіп төндіреді. Сондықтан айыппұл ақталады деп сенеміз. Сондай-ақ екпесі жоқ балаларды балабақшаға кіргізбеу керекгін алға тарттық. Баланың иммунитеті әлсіз болады. Сондықтан бұл сақтық шарасы.

Денсаулық сақтау министрлігі заңға енгізгелетін өзгертулерді толық талқылап, бір жұмадан кейін Парламентке жібереді. Құжаттағы өзгертулер жазда күшіне күшіне енеді деп күтіледі.

 

Пікір қосу