Белгілі әнші Димаш Құдайбергенов Америкада қатысып жүрген «The World’s Best» шоуынан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Байқауда әнші Димаш Adagio композициясын орындаған болатын. Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен cайысқа түскісі келмейді. Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Данэлия Тулешова да қатысып жатыр.

Пікір қосу