Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің бірі Арман Құдайбергенов  Астана тұрғыны Сапар Шамшиевтің көлігінің айнасын ұрлап, 11 шілдеде ұсталған екен. Алайда құқық қорғау органдары оны жібере салған. Егер де оны жібермей, абақтыға жапқанда мұндай қайғылы оқиға болмаушы еді. Бұл жайында Сапар Шамшиевтің өзі Time.kz  сайтына айтып берді.

«11 шілде күні таңғы төрт шамасында Астана қаласында Арман Құдайбергенов менің көлігімнің айнасына ұрлап жатқан жерде, қылмыс үстінде ұсталды. Оның сөмкесінде қолғап, айнаны бұзбай алатын арнайы құрылғылары бар екен. Ол бірден полицияға ұсталды.Оқиға орын алғаннан кейін келесі күні таңертең мен айналарымды Алматы ауданының полиция бөлімшесінен алып кеттім. Сол жерде менен екінші рет түсініктеме алып, 9-10 күннен кейін Құдайбергеновтың соты болатынын айтты. «Ол жігітке не болды, өзі қазір қайда?» деп сұрағанымда,  «Бұл жігіт ұсталды, біздің қолымызда болады. Өзі осыған дейін істі болыпты, сот шешіміне дейін изолляторда отырады» деді.

13 шілде күні маған тергеуші хабарласып «Сіздің нөміріңізді Арманға берсем бола ма? Ол кісі сізбен өзара келісімге келмекші» деді. Мен «Ешқандай келісімге келетін ойым жоқ. Мен істі сотқа дейін апарамын, оның жазасын алуын қалаймын» деп бұл ұсынысынан бас тарттым. Мен осы уақытқа дейін бұл қылмыскердің уақытша изоляторда, соттың болатын күнін күтіп жатыр деп ойладым. Сот 20 шілде күні болуы тиіс еді. 20 шілде күні полиция қызметкерлері менің үйіме келіп, Арман Құдайбергенов есімді азамат туралы сұрап, маған оның  суретін көрсетті. Мен оны бірден таныдым. Сосын полицейлер маған Арман Құдайбергеновтың Денис Тенді өлтірді деп күдіктелетінін түсіндірді. Мен қатты таңғалдым: Бұл қалай болғаны? Ол Астанада изоляторда отыр ғой. Ал қылмыс Алматыда орын алған. Ал полиция қызметкерлері болса маған қылмыскердің  кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен босатылғанын айтып берді. Бұрын істі болған, және тағы да қылмысқа барған адамды қалайша тағы да жібере салғанын түсінбедім. Егер оны сол уақытта босатпағанда ол қашып кетпей, сот алдында жауап берсе, Алматыда қайғылы оқиға орын алмайтын еді.

Қазір ресми ақпарат көздерінде Арман Құдайбергеновтың бұрын істі болғанын айтқанымен, тура сол уақытта оның изоляторда отырып, жазасын өтеуі қажет екенін ешкім айтпайды. Менің көлігіме қатысты оны қылмыс орнында ұсталғанында сөмексінде суық қару да болған. Мұндай қауіпті адамдарды қолхатпен жібере салғандары ақылға сыймайды»

материал еркін аударма арқылы жасалды

Пікір қосу