Сахнада ән шырқап, халықтың сүйіктісіне айналған Айқын енді депуттаттық үміткерлердің қатарында отыр деседі.

нші бұл жолы халық қалаулысы атануға ниет еткен досы әрі танымал бизнесмен Қайрат Құдайбергенді қолдай келген екен.

“Біз халықтың көңілін көтеруге үйреніп қалған адамбыз. Ал бұл жерде адамдар саған сұрақтарды жаудырып жатыр. «Мынаны шешіңдер, ананы бүйтіңдер» – деп. Оған бас айналып кетеді екен кәдімгідей”, – дейді Айқын.

“Адамдардың нақты қандай мәселелері барын тыңдап, оларды шешу, олардың жанын түсініп, қобалжытқан мәселелерді естіп, кішкене өзін жайсыз сезініп отырда”, – дейді кәсіпкер Құдайберген.

Мұндай саяси-бұқаралық кездесу Айқын үшін алғашқы рет орын алып отыр. Алдағы уақытта Қайрат Құдайберген депутат атанса, досын да атқамінерлер қатарынан көргісі келетінін жасырмады.

“Айқын да келешекте бір депутат болса, олда жақсы болатын еді. Себебі өзі белсенді. Әрдайым көмектесуге дайын, нағыз қазақтың бір жігіті ғой”, – Қайрат Құдайберген.

Келешекте саясаттың сойылын соғып немесе депутаттық мандатты еншілеу Айқынның жоспарында жоқ. Төлепбергеннің бір ғана тілегі, өмірінің соңына дейін өнердің «қазанында қайнау».

Пікір қосу