Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Америкаға барып концерттік кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр екен. Бұл туралы Stan.kz сайтына берген сқхбатында айтып кетті.

«Алла нәсіп етсе, наурыз айының 12-19 аралығында Американың Хьюстон қаласында қандастарымыздың жалауын желбіретіп, аттың басын бұрып, наурыз мерекесін тойлауға барамыз. Одан қала берді Америкадағы қандастарымызға жеке концертімді беру жоспарымда тұр»,  – дейді Сәкен Майғазиев.

Сонымен қатар, сапарын ары қарай жалғастырып, Меккеге қажылыққа аттанбақ.

«Барлығы Алланың қалауымен ғой. Шын мәнінде үш мақсатта адам шақыртылады екен. Бірінші Алланың шақыртуымен, одан кейін пайғамбардың шақыртуымен, сосын Алла сақтасын шайтанның шақыртуымен. Осы үшіншіден сақтасын. Сондықтан Құдай қаласа, ниеттемін. Арасында бір апта уақыт тауып, Меккеге барып қайтсам деген арманым бар», – дейді Сәкен.

Пікір қосу