2018 жылдың 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңін өтті. Нәтижесінде, 73 кг салмақпен қатысқан қазақстандық дзюдоист Жансай Смағұлов қоржынымызға «алтын» салып, көк байрағымызды көкте желбіретті.

Әлемнің 48 елінен қатысатын жарыста Қазақстан ұлттық құрама сапынан 13 дзюдошы қатысуда.

Естеріңізге салсақ, Тунисте өтіп жатқан доданың бірінші күндері екі дзюдоистіміз «қола» медалін қанжығасына байлаған еді. Олар 66 кг салмақпен Ерлан Серікжанов және 60 кг салмақпен Гусман Қырғызбаев.

Пікір қосу