ОҚЫРМАН ХАТЫ 

Мен мектепте оқып жүрген кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Оны ауылымызда кітапханашы болған  Мақпал Әділова апамыз жақсы біледі. Бізге жиендігі бар ол кісі: Жәзөн кітапханада сен оқымаған кітап қалмады-ау. Шын оқисың ба, өтірік оқисың ба, кітапты тапсыруға әкелгеніңде не түсінгеніңді сұраймын- дейтін. Кей кездерде мыналарды оқы деп өзі ұсынатын кітаптарды. Қараңгылау жерде оқысам әкемде ұрсатын жарық жерде оқы деп. (Көзілдірік киетінім содан болар). Содан мектеп бітіріп Университетке оқуға түсіп, кейін бітіріп жұмыс жасап жүргенде де Атырау қаласының кітапханасынан кітап алып оқып жүрдім. Жұмыста болғанда көбіне қол тимейтін сонда да баратынмын. Бір күні сессияны тапсырып ауылға барайын деп базарға бардым. Базардың ішіне кірсем газет-журналдар сататын апай отыр екен. Сканворд қарап тұрсам алдында Жұлдыздар отбасы деген газет тұр. Содан сатып алдым. Журнал болмай тұрып газет болған.

 

Осылай Жарылқап Қалыбай ағамыз бастаған ұжым шығаратын газет-журналға деген махаббатым басталды. Атырауда жүрсемде, Индерде жүрсем сатып алып оқып жүрдім. Бостан босқа газет-журналға ақша шашпасаңшы дейтіндер де табылды. Газеттен кейін жылтыр мұқабамен әдемі болып журнал шықты. Тіпті базардағы сатушы мені танып алғаны соншалық ақшам жетпей тұрса қарызға да беріп тұратын. Жаңа сандары шықса өзі телефон соғады келіп алып кет деп. Осындай журнал шығарып жүрген Жарылқап Қалыбай ағамен және атақты адамдарымыздан сұхбат алатын  Әлия Құдайбергенова, Сейтмағамбетова Мадина, Анар Әлдибек, т.б журналистермен көзбе көз таныссам деген арманым да болды. (Бірақ әлі орындала қойған жоқ). Десе де әлеуметтік желі арқылы таныспын. Кейін осы журналдарды мектепте жұмыста жүргенде көрнекілік ретінде пайдаланғам «Аңыз адаммен» қоса.

Бүгін 2017 жылғы осыған дейінгі шыққан сандарын салайын деп сандығымды ашып қалсам 2003 жыл мен 2016 жылдар аралығындағы газет-журналдарым тұр. Атыраудан Оралға көшіп келгенде күйеуім ұрсып келген: тастап кетпедің бе ап-ауыр қылып мұны не қыласың, тұздайсың ба деп. Сонда басқа ештеңе көтермесем де осы журналдарды алып келгем. Келгеннен кейінде отқа жағып жіберсеңші шаң-шаң қылдырмай деген соң тамызық қылып отқа жағып жіберер деген оймен және балалар жыртып тастар деген оймен сандықтың түбінен орын бергем. Жыртылып қалмасын деген оймен файл папкаға салып қойғанмын. Ауылдың келіншектері алып оқыған бұларды. Жыртпай таза ұстаңдар деп шегелеп айтып жіберетінмін. Міне осылайша 2004 жылы басталған махаббатым күні бүгінге деййн жалғасып келе жатыр. Жаздырып алып оқиын десем біздің ауылға почта келмейді. Келсе де екі-үш айдан кейін келеді. Сондықтан да Ақсайға немесе Оралға барғанда сатып аламын. 2004 тен 2017 ге дейін жиналғандар екен мыналар. Мен қартайғанша бір емес бірнеше сандық жинасам деймін. Қартайғанда алдыңғыларын оқып отырамын ғой. Ал енді журнал ұжымына толағай табыс тілеймін. Қаламдары мұқалмасын. Мынау сол журналдар.

Жазира Асқар Фейсбук парақшасынан

Пікір қосу