Боксшы Қайрат Ерәлиев қазақ боксшыларының ішінде бірінші болып әлем біріншілігінің финалына шықты.  Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

56 келі салмақта өнер көрсететін Қайрат Ерәлиев Ұлыбританияның төрт дүркін, Еуропаның екі дүркін чемпионы Питер МакГрейлды жеңді. Қайрат Алматыда өткен әлем біріншілігінде қола жүлде алған болатын. Енді ол финалда АҚШ-тың боксшысымен алтынға таласады. 49 келі салмақта жартылай финалға шыққан Жомарт Ержан қола медальға ие болды. Бұндай үлкен спорттық додаға алғаш қатысып отырған Жомарт Ержан үшін үшінші орын аз олжа емес.

Пікір қосу