Алматыда 15-28 маусым аралығында Қытай киносының күндері өтеді. Шара ұйымдастырушылары — Синцзянь-Ұйғыр автономиялы ауданының телерадио, баспа, ақпарат басқармасы және Қытай елшілігі мен «Қазақфильм» киностудиясы. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Қытай киносының күндерін режиссер Арслан Әбдікерімнің «Ақшаның әлегі» комедиясы ашты. Отандық көрерменге бүкіл фестиваль бойы режиссер Су Лэйдің «Армандар басталатын жер», кинематографшы Шеризат Якубтың «Гүлбике» мен «Нағыз махаббат» картиналары көрсетілетін болады. Шеризат Якуб — «Композитор» атты қазақ-қытай жобасының режиссерларының бірі.

Айта кетейік, фильмдердің көрсетілімі Esentai Mall-дың Kinopark 11 IMAX кинозалында болады. Кіру тегін.

Пікір қосу