Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады.Бұл туралы juldyz.kz порталы tumba.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР заңына сәйкес Рио олимпиадасында алған күміс жүлде үшін спортшыға екі бөлмелі пәтер беру көрсетілген. Олимпиада ойындарының жүлдегеріне пәтер беру үшін 32 миллион теңге бюджеттен бөлінген. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, пәтер қаладағы ең қымбат тұрғын үй кешендерінің бірінен берілетін болады.

Бұл Ниязымбетовтың спорттық жетістігі үшін алып отырған екінші пәтері. Алғашқы екі бөлмелі пәтерін ол 2011 жылы әлем чемпионатындағы күмісі үшін алған болатын.

Пікір қосу