56 жыл кино саласында үздіксіз қызмет етіп келетін әлемге танымал актер Джеки Чан Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылуына арнайы келген болатын.

Ждём Джеки Чана в @kaztrk_kz

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Еліміздің  журналистері, артистері мен  режиссерлерінің барлығы оны күтіп алуға жиналғандығын сайтымызда жазған болатынбыз. Бүгінде оның видеолары түгел желілерде жарияланып үлгерді.

@kaztrk_kz Джеки Чанмен кездесіп, сұхбат алу бақыты бұйырды. Қуаныштымын!

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Джеки Чан сұхбат алушы журналистерге өзінің Қазақстандағы кинемотография саласында жұмыс істеп көргісі келетіндігін жеткізген және Димаш Құдайбергеннен жақсы актер шығатын айтқан. Ресми ашылу салтанатынан кейінгі бейресми отырыс кезінде актердің қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжанмен билегенін инстаграм парақшасында Динара ханымның өзі жариялады.

Можно записать с Джеки Чаном интервью, а можно потанцевать😊

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Кейбір пікір білдірушілердің жазуынша, Джеки Чанның Қазақстанға келуіне Димаштың ықпалы бар. Димаш Құдайбергенге бүкіл әлем де,  Джеки Чан да ризашылық білдіріп, қызығушылық танытқаны ақиқат. Бүгінде Димаш туған елді көргісі де келген шығар, кім білсін. Ерлан Қарин мырза  танымал актерге күміс кісе (белбеу) сый тартты. Оны Динара Сатжан инстаграм парақшасына жариялады.

Прямо сейчас подарки Джеки Чану от @kaztrk_kz в столичном @cafestar

A post shared by 🇰🇿Dinara Satzhan (@dinarasatzhan) on

Айта кетейік, Қытай киносы фестивалі 7-18 маусым аралығында болады.

Пікір қосу