Бүгінгі күні Қазақстандағы Q-Pop жанрында эстрадаға келген толқын – Ninety One (91) тобы су жаңа бейнебаянын тыңдармандар мен көрермендерге ұсынды. Бұл туралы  juldyz.kz хабарлайды.

Бұл бейнебаянның астына көпшілік өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Қолданушы ThVideoTV:

Бұрындары қазақтар əндерінің атын «Айымсың», «Күнімсің» , «Жаным» , «Гүлім», «Аққуым»,»Мен сені сүйемін», «Күйемін» деп атайтын. Содан 91 келіп ерекше ат қойды: «Айыптама»,»Қалай қарайсың»,»Ля» деген сияқты, содан басқалар да «Аяла»,»Сөйле»,»Жолама»,»Айтқа»,»Кетпе», «Аяма» деп (!) бұйыра бастады. Найнти уан одан да əндерін ерекше атай бастады «Мббəббд», «Су асты», «Ескі таспа биі». Жарайды , басқа басқа «Ескі таспа биі» дегенге магистратура бітірген менің фантазиям жетпес еді…Рахмет, əр клипте əр түрлі образ, халықты жалықтырып жібермейді…???

Дәл осындай пікірлер тізбегін тек қазақстандық қана емес, қырғызстандық қолданушылар да жарыса жазып жатыр.

1 пікір

  1. Тек қана қырғызстандық тыңдармандар емес, Англиядағы, Италиядағы, Канададағы иглздар жазуда… Керемет туынды! Жарайсыңдар, 91 тобы! Қазақстандағы шоу-бизнесті жаңа деңгейге көтердіңдер)) Алға, Найнти уан!

Пікір қосу