«Барселона»футбол клубының ойыншысы Лионель Месси 2016/17 жылдардың маусым қортындысы бойынша «Алтын бутсы» сыйлығына ие болды. Бұл туралы juldyz.kz football.ua сайты сілтеме жасап хабарлайды.

Каталондық клубтың шабуылшысы Испания біріншілігі  «Ла лигада» 37 гол соғып, 74 ұпай жинаған. Екінші орынға Лиссабондық  «Спортинг» командасының ойыншысы Бас Дост жайғасқан. Ол Португалияның ішкі біріншілігінде 34 гол соғып, 68 ұпайға ие болған. Үздік үштікті «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмрик Обамейянг қортындылап тұр. Ол Бундеслигада 31 гол соғып, 62 ұпайға қол жеткізген. Л. Месси өз карьерасында «Алтын бутсыны» төртінші рет алып отыр. Бұған дейін төрт рет еуропаның үздік шабуылшысы атағына Криштиану Роналду ие болып еді. Былтыр «Реал» шабуылшысы бір маусымда 25 гол соққан.

Пікір қосу