2017 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 169662 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,9% артық. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Қазақстанда 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3848,7 мың бірлікті құрады. Біріншіден,  ағымдағы жылғы 3 айда 4461 адам зардап шеккен және 3123 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 12,5%-ға азайған. Ал екіншіден,  2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 6,4 млрд теңге сомасына 19055 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

2017 жылғы қаңтар-наурызда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны жөнінен ең көп тіркелген аймақтар бестігі:

  1. Алматы облысы– 25 134;
  2. Оңтүстік Қазақстан облысы– 23 942;
  3. Алматы қаласы – 20 915;
  4. Астана қаласы – 13 246;
  5. Қарағанды – 11 134 көлік.

Пікір қосу