Оңтүстік Қазақстан облысында жеңістің 72 жылдығына орай соғысқа қатысушы майдангерлерге, 227 мың теңге біржолғы материалдық көмек берілді. Ал, тыл ардагерлеріне 11345 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қоса 233 екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің үйіне арнайы құттықтап барып, 100 мың теңгенің көлемінде сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Бүгінде облыста 233 ардагер бар. 996 соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер  болса, тылда еңбек еткендер саны 19 199. Ұрпақтың бақытты болашағы мен бейбіт өмір сүруі үшін шайқасқан ардагерлерге жыл сайын әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп келеді. Медициналық көмек республикалық әрі өңірлік деңгейде ақысыз көрсетіледі. Жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 7,8 мың жекелеген санаттағы азаматтарға облыстағы түрлі сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі. Сондай-ақ, өңірде «Қамқорлық» акциясы шеңберінде демеушілер есебінен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 8,4 млн. теңге мөлшерінде коммуналдық жеңілдіктерге көмек көрсетілді,– делінген хабарламада.

Пікір қосу