Құдайберген Сұлтанбай 1947 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Ол актер, қоғам қайраткері және Қазақстанның халық әртісі.

Балалық шағы

Әкесі теміржолшы болған адам. Шешесі 11 құрсақ көтерген. Содан 4 қыз бен Құдайберген аман қалған. 1 май күні дүниеге келгенде әкесі Первомай қоямыз деген. ЗАГС-тегі жігіттер «Ақсақал, балаңыз есейгенде ұят болады» депті. Содан үлкен ағалардың айтуымен «Құдай берген бала ғой, Құдайберген болсын» депті. Өнерге келуіне әкесі қарсы болған. Тіпті сурет салдырмаған.

«Архитектуралық институтты бекер тастаттың, өнердің не керегі бар? Құрығанда үйге бір машина саз түсірер едің» дейді. «Тамашаға» рахаттанып келеді, бірақ балаларын актерлік оқуға жібермейді. Біздің буынның түсінігінде солай еді, қазір де сондай. Бұл — қазақты менталитеті. (Құдайберген Сұлтанбаевтың сұхбатынан)

Өнерге қалай келді?

«Аққасен деген жыршы, таңнан таңға талмай терме айтатын ағам болды. Соның қасында көп жүріп, құлағымда қалған. Сол домбыра, сол әуен мені өнерге алып келді. Алматы политехникалық институтының Сәулет факультетіне кандидат боп жүр едім. Шүкібаев деген завкафедра болды. Сол ізіме түсіп алды, «Воронежге, не Челябіге барсайшы» деп. Институтқа баласын тығайын деген ғой. Ол кезде конкурс қатты болатын. Бұл — 1965-67 жылдар. «Дос-Мұқасанның» шығатын кезі. Бәріміз бірге оқыдық. Қолымды сілтедім де, кетіп қалдым. Көрейінші деп театр институтына келдім. Олардың емтихан, конкурстарының бәрі қыркүйек, қазанда болатын еді ғой. «Құлап қалған» балалар тапсыратын. Ол кезде 23-темін. Бірақ, маған «кәрісің» деді. Оған 17-18 жасында бару керек екен. Әйтеуір бірдеме қылып өттік қой» (Құдайберген Сұлтанбаевтың сұхбатынан)

Еңбек жолы

1974 жы­лы Қа­зақ мемлекеттік өнер инсти­ту­ты­­ның (қазір­гі Құр­ман­ғазы атын­дағы Қа­­зақ ұлттық консер­вато­риясы) актерлік факультетін, кейін Абай атындағы универ­си­теттің заң факультетін бітірген. Ол шығармашылық жолын 1968-1969 жылдары Арал аудан­дық мәде­ниет бөлімінде бас­та­ды. 1969-1970 жылдары «Гүлдер» ансамблі құра­мын­да режиссердің ассистенті болды. 1974 жыл­дан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық драма театрының актері. Құдайберген Тәуекелұлы 1995-2000 жылдары Парламент Мәжілісінің депу­таты болған Ол Мә­жілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мү­шесі ретінде осы саладағы көптеген өзекті мәсе­лелердің шешілуіне атсалысты. Осы кезеңде ел үшін өзекті Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушы­лар­дың аманатын орындады.

Отбасы

Жас кезінде Байзақов көшесінің бойындағы Мәдениет министрлігінің жатақханасында бірге тұрған. Әйелімен сонда танысқан. Жұбайының есімі — Дәкен Кәлімқызы. Мамандығы — суретші.

Пікір қосу