«The singer» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғап жүрген әнші Димаш Құдайберген  «China Top music Awards» марапатының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясына ұсынылды. Бұл туралы әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, — деп  хабарлайды juldyz.kz порталы.

«Құрметті, Достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. 27 наурыз тікелей эфир 19:30-да Dragon TV(东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен масштабтағы марапаты «China Top music Awards(东方风云榜)» шарасы өтеді. Димашымыз «Best Asia popular singer (Азияның Ең танымал әншісі)» номинациясына ұсынылғандардың қатарында», — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтпек. Концерт елордадағы «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталады деп көрсетілген. Кеш 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Әзірге билеттер сатылымға шыққан жоқ.

 

Пікір қосу