Сатыбалды Нарымбетов авторлық кітабын шығарды

Сатыбалды Нарымбетов авторлық кітабын шығарды

5 195 қаралды
0

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы juldyz.kz порталы brod.kz-ке сілтеме жасай отырып жазады.

Тұсаукесерге өнер қайраткерлері Дамир Манабай, Дәрежан Өмірбаев, Қалила Омаров және басқалар қатысты. Шараны жазушы, кинодраматург және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай жүргізді.

 «Көзімнің қарасы» кітабы -автордың замандастары мен әріптестері туралы естеліктері мен автордың эсселері. Кітаптың мазмұны  фильмдердің сценарийімен және киноромандарымен бай.

Автордың айтуынша, шығарма ұзақ жылдар бойы баспанаханада жатыпты. Бірақ ҚР Мәдениет жіне спорт министрі  Арыстанбекм Мұхамедиұлымен кездескеннен кейін кітапты 2000 данамен шығаруға шешім қабылданады.

Жақында Сатыбалды Нарымбетовтың прозалық шығармасы да жарық көрмек.

Айта кетейік, «Көзімнің қарасы» режиссердің алғашқы кітабы емес. Бұған дейін «Тентек» және «Жанайғай» аңбектері, сондай-ақ «Ассалаумағалейкум, Атлантида!» повестер мен әңгімелер жинағы шыққан болатын.

Пікір қосу

error: Көшіруге болмайды!!