«Найман» деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жектің шебері Қуат Хамитовтың бұлайша өткір сөйлеуіне кешегі күні мәжіліске жаңа депутаттың келуі себеп болса керек, — деп жазады Caravan.kz.

Ол аты-жөнін нақты атамаса да өз жазбасында былайша тұспалдайды:

«Тағы бір депутат! Қандай еңбегі үшін депутат болғанын түсіндіретін адам бар ма!? Бір күнде депутат болатындай ол не істеді? Бұл, жаттығу залына бір күн де келместен чемпион болу дегенмен бірдей», — деп наразылығын білдіреді. .

«Біздің елімізде бар жоғы 16 миллион адам тұрады. Бұл жарты Мәскеудің халқы ғана немесе Шанхайдың жарты халқындай. Яғни сол қалалардың мэрі, яғни әкімі біздің барлық шенеуніктердің жұмысын жалғыз әрі жақсы атқарып отыр деген сөз»,- деп билікті де бір түйреп өткен.

Бес жылдан бері жаттығып жүрген Тайландта неге азық түлік еш өзгермеді, ал Қазақстанда неге баға сағат сайын құбылады?», — деп сұрақ қояған Қуат Хамитов оған әлеуметтік желіде өзі жауап береді.

«Өйткені, бізде ел үшін жаны күйетін адам жоқ, ал егер маған сенікі қате десе, ертең-ақ өзімді өзім өлтіремін», — депті спортшы.

Еске сала кетсек, кеше «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Рау мәжіліс депутаты болып бекітілді.

1 пікір

  1. Барекелде, бирак озимди олтиремин биреу кате деп айтпа, депутаттардан сенин керегин елимизге алде кайда жогары! Биз сенемиз, куаттаймыз сенин созинд иним! Сау саламатта бол, жолын ак болсын деп тлеймиз!

Пікір қосу