Facebook Messenger-де бір тәулік өткеннен кейін жазбаларды өздігінен өшіретін қызмет пайда болды, — деп жазады БЕЛТА компаниясының ресми блогы. 

Жаңа қызмет Messenger Day деп аталады. Қолданушы суретті немесе видеотаспаны түсіріп, түрлі стикерлер, эмодзилер мен эффектілерді қолдана отырып, жариялай алады. Фото немесе видео жариялағаннан кейін, желі қолданушылары бұл жазбаны 24 сағаттың ішінде көрулеріне мүмкіндіктері бар. Бұл функцияны барлық iOS және Android қолданушылары орната алады. Ол үшін Facebook Messenger-інің соңғы нұсқасын жүктесеңіз болғаны.

Еске сала кетейік, Facebook бұл идеяны Snapchat-тан алған алғашқы әлеуметтік желі емес. Бұған дейін осындай өздігінен жойылатын қызмет «ВКонтакте» мен Instagram-да пайда болған еді.

 

Пікір қосу