Желіде пайда болған Мейрамбек Беспаевтың суреті елді таң тамаша етті. Шашы ағарып, имиджін өзгерткен әншіні тыңдармандары танымай қалды. Әншінің жаңа имиджін желі қолданушыларына әнші Әділ Сламхан көрсетті, — деп жазады nur.kz.

«Мәкеңнің (қайныағам) жаңа шаш үлгісі — бұл бір тарихи естелік, танып тұрған шығарсыздар», — деп жазды ол.

Мейрамбектің жаңа образын көрген желі қолданушылары оны тіптен танымай қалды. Кейбірі Мейрамбектің бұл келбетін жақтырмай қалса, екіншілері оған барлығы жарасатынын айтты.

«Мұндай шаш жараспайды екен, үлкейтіп көрсетеді», «Келбеттісіз, сізге барлығы да жарасады», «Бас аман болса, шаш өседі», — деп әзілдеді желі қолданушылары.

Пікір қосу